Біз бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған жоғары технологиялы озық шешімдерді ұсынамыз.
Біз – AI (Жасанды интеллект), Операциялық және Файлдық жүйелер, сондай-ақ ДСЖ (Деректерді сақтау жүйесі) саласындағы мамандармыз.
АРГО ТЕХНОЛОДЖИ ЖШС компаниясы жоғары технологиялы өнімдерді әзірлеу және Қазақстанда, ТМД мен Еуропа елдерінде олардың негізіндегі шешімдерді сату үшін Қазақстан Республикасындағы Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың тамыз айында құрылды.
Біздің компания – Storage Partner мәртебесі және Compute DGX құзыреті бар NVIDIA компаниясының серіктесі.
Біз 2023 жылдың 1-ші тоқсанында GPU NVIDIA карталары бар Super Micro серверлік жабдығы негізінде Орта Азиядағы ең ірі AI есептеу кластерін іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Біздің есептеу кластеріміз Қазақстанда, Нұр-Сұлтан қаласында орналасатын болады, біз жасанды интеллект саласындағы қызметтердің кең спектрін ұсынуды жоспарлап отырмыз.
Сіздерді клиенттеріміздің қатарынан көруге қуанышты боламыз.